Тұрабаев Рахымқұл

Тұрабаев Рахымқұл Ахметжанұлы.

1974 жылы Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында Абай орта мептебін бітіргеннен кейін, Москва қаласында Армия қатарында болды.

Армиядан кейін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің Заң факультетіне түсіп, оны бітіргеннен кейін Таскескен, Көкпекті, Шұбартау, Көкпекті- Самар, Жарма, Бесқарағай, Аягөз аудандарында Соттың төрағасы болып қызмет атқарды.

2018 жылы отставкаға шықты. Қызмет уақытында: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ең жоғарғы марапаты “Үш би” төс белгісімен марапатталып, Сот саласының Ардагері атанды.

Қазақстан Республикасының 10, 20, 30- жылдық мерекелік медальдарымен, Қорғаныс Министрлігінің медалімен, Жоғарғы Соттың, Облыстық Соттың Мақтау Қағаздарымен марапатталды. Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» атағы медалімен марапатталған.

Республиканың Судьялардың арасында үш жылда бір рет өтетін Спартакиадасының үш дүркін Жеңімпазы, екі дүркін жүлдегері.

Қәзіргі уақытта Семей қаласында тұрады.

Рейтинг
( 2 оценки, среднее 5 из 5 )