Марқұм Сәуле Садуақасованың еске алуы …

ҮЛГІ ТҰТҚАН ҰСТАЗЫМ
“Жақсының үлгісі жанып тұрған шамдай” деседі дана халқымыз. Ұлағатты үстаз, өнегелі өмірі кейінгі жастарға үлгі боларлықтай ұстазым Нұржамал Қалиқызы мен үшін аяулы да ардақты тұлға. Мен 1964 жылы Абай атындағы орта мектептің тұңғыш табалдырығын аттаған, имене есігін ашқан, тұлымшағы желбіреген бүлдіршіндердің бірі едім.
Алғаш қолыма қалам алғызып, әліппенің қыр-сырын үйреткен ұстазым — бұл күнде өмірден өткен, белгілі абайтанушы, Абай еліне қажырлы еңбегі сіңген Мінәш Әрхамқызы Ысқақова қабылдап алып, 1-сыныптан 4-сыныпқа дейін оқытты. Одан кейінгі сынып жетекшіміз — 5-сыныптан 8-сыныпқа дейін білім нәрімен сусындатып, талмай-қажымай үйретуден тынбайтын, ақылшы анамыздай болған Нүржамал Қалиқызы еді. Мектептің жаны — мүғалім. Нұржамал мұғалімнің жүріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне, сабақ берудегі іс-тәжірибесіне, білімдарлығына тәнті болдық. “Тәрбие басы — тіл” дегендей, бізге тіл грамматикасын, сөйлеу мәнерін, дүрыс жазу тәртібін үйреткен, тілдік қорымыздың барынша молаюына, шығарма, өлең жазуға дағдыландыруы әрі мәдениетті үлгі еткен өнегелі ұстазымыз болды. Нұржамал апай өте білімді, керекті сөзді ғана айтатын. Мектептегі қабырға газетін шығаруда өзіндік үлкен қолтаңбасы қалған үстаз. Әдебиетке жаны қүмар, сөзге бейім, қаламы үшқыр үл-қыздарды баулып, жазған шығарма-өлеңдерін оқып, талдап отырды. Білімі көп адам — құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді. Нұржамал үстазым да терең білімді, үшқыр ойлы, биязы мінезді, балалардың жүрегіне жол таба білетін, бар ғұмырын білім саласына бағыштаған тамаша педагог.
Әлі есімде, ол кісі мектепте “Кремль”, “Тасбақа” газеттерін шығаратын, сол газетті көрсете отырып бізге “Кім жақсы оқып, үлгілі оқушы болса, сол бала Кремльге қарай аяғын нық басады, кім нашар оқып, тәртіпсіз болса — тасбақаға қарай аяңдайды” деп, өз ойын осындай идеялы сөзбен жеткізетін. Біз аңырып, тым-тырыс тыңдап қалыппыз. Ол кезде жақсы оқитын балалар мақталып, екілік алған балалар қабырға газетіне шығарылып, масқара болатын. Сол кездегі мүғалімдердің білім дәрежесі жоғары болғандықтан ба, әлде мұғалімдерді сыйлау мен тыңдауды міндет санайтындықтан ба, Нұржамал ұстазымыздың Кремль, тасбақа атаулары бізге қатты әсер қалдырды. “Ұста сөз- үстаз” демекші, сол сөзі қамшы болып оқушылар жақсы оқуға талпынып, жігерленді.
Ұстазым мені диктант тексергенде қасына шақырып алып, диктанттағы әріп, қателерді түзетуге көмектестім. Мектептегі қоғамдық жұмысқа белсене араластым. Туған анамыздай бауырына тартып, санамызға нүр қүйды, келешекте белді азаматтар болып шығуымызды қалады. Ұлылардың “Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла” деген сөзі бар ғой, Нұржамал ұстаз өзінің еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен мектеп ұжымында, әріптестері арасында беделді, сыйлы болса, шәкірттері біз де ол кісіні ерекше құрметтедік. Нұржамал мұғалімнің берген білімі, тәлім-тәрбиесі кез-келген алдынан оқыған оқушыға нәр болды, ертеңгі болашағын ашып берді.
Соның бірі мен — 1974 жылғы мектеп түлегі арман арқалап Алматыдағы Киров атындағы мемлекеттік университеттің журналистика факультетіне оқуға түсіп, қуанышымда шек болмады. Оқуға түскенім- осы қазақ тілінің нәрімен сусындатып, тілімнің шұрайлы болуын қалыптастырған Нұржамал үстазымның еңбегі дер едім. Одан кейінгі өмірімде де жақсы істер, елеулі қызметтер атқардым. Қай салада қызмет істесем де Нүржамал ұстазымның тәрбиесі, үлгі-өнегесі, шарапаты, берген білімі биік, әлі көз алдымда, жүрегімде түрады. Менімен бірге оқыған хирург Кенже Жапалов (бүгінде марқұм болған), Майра Қожақова, Айдар Асхатұлы, Жұмағайша Аяпбергенова бүгіндері ауданымызда белді-белді қызметтерді атқаруда.
Аяулы ана, ұлағатты үстаз! “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” дегендей, өмірден өтсеңіз де, сіздің берген біліміңізді, өнегеңізді, биязы үніңізді, асыл бейнеңізді ешқашан үмытпақ емеспін. Үлкен қызыңыз Гүлжанат Балқаш қаласында кен-байыту комбинатында басшылық қызметтегі апайым Бақытпен тел қозыдай қатар оқып дос болды. Қызыңыз Ләйламен мен жан қүрбы болдым, бірге оқыдым. Араларымыздан қыл өтпейтін. Таяуда ғана марқүм болған Еркін балаңыз менің о дүниелік болған ағайым Бауыржанмен қатар оқып, бірге өсті. Ата-аналарымыз да сіздермен жақсы араласты. Соның бәрі үлгі-өнеге, ғибратты ғұмырдың парақтары іспетті. Бүгіндері “Абай елі” газетінің шығарылуына жан аямай маңдай терімді төгіп жүргенім де сіздің тәрбиеңіз, осы күнге жетіп отырғанымда да сіздің маңдай теріңіздің үлесі бар.
Аяулы ұстазым! Көзден кетсеңіз де көңілден өшпейсіз, Нұржамал Қалиқызы, шәкірттік ыстық пейілмен сізді еске алып отырамын.
Сәуле ЗӘРЕРҚЫЗЫ,
«Абай елі» аудандық газетінің редакторы.