Оразалин Сапар

Сапар Мұхамеджарұлы ОРАЗАЛИН 2 тамыз 1942 ж. туған.

Алматыдағы “Өнер” студиясын, Семей педагогика институтын бітірген, мұғалім. Абай атындағы орта мектепті істеп жүргенде “Абай” халық театрын, “Қаламқас” ән-би ансамблін құруға үлкен үлес қосқан өнерпаз. Ұзақ жылдар Семейдің Абай атындағы драма театрында істеген кездерінде сахнаға Қозы Көрпеш, Кебек, Айдар, Мағауия сияқты күрделі бейнелерді сәтті шығарған сапар республикаға танымал бірнеше рет республикалық жүлделерді иеленді.

1986 ж. Ақмола облысындағы қазақ халық театрының жетекшілігіне жіберіліп Амфитеатрыдың үлгісімен салынған мәдениет үйінің сахнасына М. Әуезовтың “Абай”, “Қаракөз” Б. Майлиннің «Шүға” С.Шаймардановтың “Әнім сен едің”, О.Бодықовтың комедиялық шығармаларын т.б. пьесаларды қойып көрермен көңілінен шыққан режиссер. Осы спектаклдердегі басты бейнелерде өзі ойнаған С.М. Оразалин еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Президентіміз Н. Назарбаевтың алғыс хатына ие болды. 2001 ж. “Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері” атағы беріліп, “Мәдениет қайраткері” медалімен марапатталды. Ол өзі құрған өнерпаздар ұжымымен жыл сайын Көкшетау, Торғай, Қарағанды, Омбы облыстарының қалалары мен Монғолияның Баян-Өлгей өлкесінде өнер көрсетіп келеді.

Рейтинг
( 2 оценки, среднее 5 из 5 )