
Гаухар! Туған күніңмен! Біздер бала кезімізден кластас достармыз, бір-біріміздің жан-дүниемізді жақсы түсінеміз. Достығымыз қартайғанша жалғасып, жүзге толған сәтімізді бірге тойлаймыз деп сенеміз. Гаухар! Өмірде сендей досымыздың бар болғанына қуанамыз. «Нағыз дос қиын сәттерде қасыңнан табылады» — деген сөз бар. Сенің ақжүректігің, ағайынға қамқорлығың, турашылдығың, даладай дархан пейілің соның көрінісі. Бәрімізге кластастарға демеу болып, қуанышымызда да, мұңлы сәтімізде де бірге жүрсің. Бүгін біз сені ең керемет күніңмен құттықтаудамыз. Саған мына ғаламның бар асылын тілейміз! Сейтқасым екеуің бірге, ұрпақ қызығын көре беріңдер! Қуанышты күндеріміз көп болғай! 74а. 27.03.2024.
Құрметті Гаухар!
Сені 27 наурыз — туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! 🌹🌹🌹
Сенің өмір жолың — қайсарлық пен еңбектің, білім мен табыстың, биік белестер мен үлкен жетістіктердің жарқын үлгісі. Мектеп қабырғасынан бастап, педагогикалық білім алып, ұстаздық етіп, кейіннен спорт саласына қосқан үлесің, әлемдік ареналардағы еңбегің — бәрі де сенің жан-жақты дамыған тұлға екеніңді көрсетеді. Қазақстанның қаржы саласына қосқан үлесің, құнды қағаздар нарығын дамытудағы көшбасшылығың, Уолл Стриттағы жетістіктерің – өз маңдай тер еңбегіңнің нәтижесі.
Гаухар, сенің өміріңнің ең үлкен байлығы — сүйікті жолдасың Сейтқасым, балаларыңыз бен немерелеріңіз. Солардың ішінде жеке Айсұлтан немереңнің Канадада хоккейден әлем чемпионы атануы — Сенің тәрбиеңнің, қолдауыңның және үлкен еңбегіңнің жемісі! Мұндай қуанышқа толы сәттерің көп болсын!
Әлемнің 49 елін аралап, көрген-білгеніңмен, жиған тәжірибеңмен де дараланасың. «Ел көрген — еркекпен тең, түйе көрген — кемелмен тең» дейді халқымыз. Өмір жолыңда түйгенің мол, көргенің көп, жинаған қазынаң – тек материалдық емес, рухани байлық та! Осы ерекше күні, яғни қасиетті Қадір түнімен тұспа-тұс келген туған күніңде, Алла Тағала саған ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңа амандық, жүрегіңе шаттық пен береке нәсіп етсін! Тілеген тілектерің қабыл болып, өмірің қуаныш пен молшылыққа толы болсын!
Ізгі құрметпен, Еркін. 27.03.2025.
Классам, асыл достарым маған тілеген тілектерің мен мадақтауларыңа көп рахмет! Барлығыңды жақсы көрем❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Кластас асыл достарым маған тілеген тілектерің мен мадақтауларыңа көп рахмет! Барлығыңды жақсы көрем❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Еркін, саған көп рахмет! Сайт ашып, әрқайсымызға деке сипаттама беріп, әрбір мерекемізьен жеке-жеке құттықтап, небір мадақтаулар жазып жатырсың. Өщіңе де тілейтініміз тек жақсылық, зор денсаулық пен отбасылық бақыт! Майгүл екеуің ұрпақ қызығына молынан бөленіп, тек шат-шадыман өмір сүруге жазсын ылайым❤️