Иә, кезінде тай-құлындай тебісіп, қатар өскен Абай атындағы орта мектептің 1974 жылғы түлектері бұл. Араға елу жыл салып, еліміздің түкпір-түкпірінен Қарауылға жиылды. Білім ордасында бас қосып, соңғы қоңыраудың сыңғырын қайта естіді. Сыныптастардың әлі күнге дейін әзіл-қалжыңы жарасып, сыйластығы ажырамаған. Туған жерге сағынышпен жеткен 50 жылдық түлектер бір сәтке партаға отырып, жастық шақты тебіреніспен еске алып, ұстаздарына деген сығынышын әнмен жеткізді. Фото Гаухар.
/ұстазым әні/