Көкеева Жамал

Көкеева Жамал (1920 ж. — 1980 ж.)

Көкеева Жамал 1920 жылы 10 желтоқсанда Семей облысы Абыралы ауданында туған.

Cемей педагогикалық училищесін «бастауыш мектеп оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Ұстаздық еңбек жолын 1941 жылы 27 тамыздан Абыралы ауданының Ұзынбұлақ орталау мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған (1941-1943 жж).

  • 1943-1950 жылдары Абыралы ауданы Қайнар орта мектебінде;
  • 1950-1953 жылдары Семей қаласының №16 қазақ орталау мектебінде;
  • 1953-1963 жылдары Шұбартау ауданы С.М. Киров атындағы орта мектепте;
  • 1963-1970 жылдары Абай ауданы Абай атындағы орта мектепте;
  • 1970-1975 жылдары Қарауыл мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет істеді.

1975 жылы жасына байланысты зейнеткерлікке шыққан.

Жұбайы Жұмаділов Тәжікен Ұлы Отан соғысының ардагері, партия-совет органдарында қызмет істеген.

Отбасында 5 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

Марапаттары

  • Қазақ СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1967 жылғы 17 қарашадағы Указымен І дәрежелі «Медаль материнства» медалімен;
  • 1975 жылғы 7 мамырда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен «30 лет Победы в Великой Отечественной Войне» медалімен;
  • 1975 жылы 30 қаңтарда «Ветеран труда» медалімен марапатталды.

1980 жылы қайтыс болды.

Рейтинг
( Пока оценок нет )