Оркен Омарқызы Жұмабекова

Жұмабекова Оркен Омарқызы
жоғары санатты, «Аға мұғалім».
1962 жылы Абай ауданы, Қайнар орта мектебін бітіріп, Семей педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсті.
Еңбек жолын 1967 жылы Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепте бастады.
Абай атындағы орта мектепте 1969-2004 жылға дейін 35 жыл зейнеткерлікке шыққанға дейін ұстаздық етті. Сол жылдары Абай атындағы орта мектеп аудан мектептері арасындағы «Үлгі тірек мектебі» атанды. Іс тәжірибесі арнаулы плакат бет болып, аудан, облыс мектептеріне таратылды. «Аға мұғалім» атағын алды.
1970-80 жылдары орта мектепті бірталай білімді түлектер бітіріп шықты. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б.Сыдықов, жазушы, дінтанушы Б.Сапаралы, тарих ғылымдарының докторы Махат Данагүл, ұзақ жылдар ҰҚК-де қызмет еткен С.Ә.Сүлейменов, Б.Арғынбеков, 1987 жылы ленинградтағы А.Ф.Иоффе атындағы физикалық-техникалық аспирантурасын бітірген Ш. Жұмақсанов, сол кезде Мәскеуде академия бітіріп қызмет жасаған Тоққарина Г.Д., журналист Макенова Д. т.б. оңдаған, жүздеген түлектер тек ұстаздар ғана емес мектеп мақтаныштары, ел мақтаныштары.
Райымбеков Нұржан.