Сания Қыдырбайқызы Оразбекова

Оразбекова Сания Қыдырбай қызы 1930 жылы 20 мамырда Семей облысы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген.
М.О.Әуэзов атындағы қыздар педагогикалық училищесін бітірген.
Еңбек жолын 1953 жылы Қарауыл ауылында Абай атындағы орта мектепте бастауыш кластар мұғалімі болып бастаған. Сол мектепте 32 жыл мұғалім болып, 1985 жылы зейнеткерлік жасқа толып, құрметті еңбек демалысына шыққан.
Көптеген жас ұрпақты тәрбиелеуде, мектеп абыройын көтеруде өз үлесін қосқан.
Жолдасы Жанұзақов Дінслям мамандығы мұғалім, көп жылдары совет, партия саласында қызмет атқарған. 8 бала тәрбилеп өсірген ұлағатты ана.
Марапаттары:
- Қазақ СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен І дәрежелі «Медаль материнства» медалімен;
- 1975 жылғы 7 мамырда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен «30 лет Победы в Великой Отечественной Войне» медалімен;
- 1985 жылы «Ветеран труда» медалімен марапатталды.

Сания Қыдырбай қызы 32 жыл мұғалім болған — ұлағатты ұстаз.

Биыл мектеп бітіргендеріне 50 жыл толып отырған түлектер арасында Амантаев Қабжан мен Уәшева Мейрамгүл оқушылары бар. Олар алғаш қалам ұстатқан ұстазымыз Сания Оразбекова деп жылы ықыласпен естеріне алады.

Сания Оразбекова бастауыш сынып ұстаздар ортасында.