Медеуова Рысқали

МЕДЕУОВА РЫСҚАЛИ (1931- 2010).

МЕДЕУОВА РЫСҚАЛИ МЕДЕУҚЫЗЫ — 5.12.1931 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында дүниеге келген. Саржал орта мектебінде білім алған.

Семей педагогикалық училищесінде бастауыш сынып мұғалімі бөлімін оқып бітірген.  1955 жылы Семей педагогикалық институтының математика  факультетін бітіріп, еңбек жолын бастап кетті. Ұзақ жылдар бойы Абай ауданында, Абай  атындағы және Ж.Молдағалиев атындағы орта мектептерінде қажырлы еңбек етті. Шәкірттері республика, облыс, аудан көлемінде көрнекі қызметтер атқарып, халқына адал еңбек етіп, елдің көшбасшылары болды.

Талапшыл, еңбекқор ұстаз білім саласына айрықша үлес қосқан жан!

Жұбайы ,ұстаз Бозанбаев Халел Бозанбайұлы,1930жылы15 қаңтарда дүниеге келген.Әкесі Абай ауданының негізін қалаушы Мусин Бозанбай. Халқына қамқор, іскер, мықты ұйымдастырушы болған адам. Халел Бозанбайұлы Абай атындағы мектептің директоры, партком хатшысы, Ауылдық кеңес төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған жан.

Бүгінде ұрпақтары өсіп-өнген, әртүрлі салада абыроймен еңбек етуде. Тұңғыштары Бозанбаев Болат Халелұлы Абай ауданында 1991 жылы кәсіпкерлікті тұңғыш меңгерген азамат болды. 10 немересі,14 шөбересі бар.

Ұстаз  2010 жылы 80-нен асқан шағында өмірден озды.

Гүлжаухар Бозанбаева.

Рейтинг
( 1 оценка, среднее 5 из 5 )