Құмарова Нағима — мектеп директоры 1962 — 1968 жж.

ЖАҚСЫ ОРТА – ЖАНҒА АЗЫҚ
Құмарова Нағима ілтипаттылығы, жақсы мінезділігі мен аталы сөз айтатын, сыпайылықты даналық етіп, көпті таяныш қыла біліп, өзін Нағыш атандырған абзал жан.
1962 жылдың желтоқсан айында Абай ауданындағы білімнің қара шаңырағы болған Қарауылдағы орта мектепті басқару тізгінін қолына алып директор болғанда айтқаны:
Атақ — абыройы аудан, облыс, республикаға белгілі, аты- жөнін тек баспасөз бетінен, баяндамалардан еститін білімді, өмірден көргені мен түйгені көп, арқа сүйеуге де, ақыл- кеңес сұрауға тұрарлық аға буын ұстаздармен қол ұстасып, бірге жұмыс істеуге тура келді.
Басшысын да, басқасын да тәрбиелей білетін, шынықтырып, ширата білетін сондай ортада жұмыс істегеніме өзімді бақыттымын деп санаймын.
Алдыма қойған мақсатым — ұжымды әділ баскару арқылы оқу- тәрбие жұмысын жоғары сатыға көтеру болды. Шындығында да сол мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Ұжым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ұйымшыл, бұра тартары жоқ, барлығы бір кісідей іске жұмылған, уакытпен санаспайтын, шаршауды білмейтіп, жастык жігермен, адамгершілікпен еңбек етті.
Ұстаздардың ұстазы Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім Оразалин Кәмен, Қалиева Нұржамал, Қазақ КСР ағарту ісінің озық қызметкері Байырбеков Ұлыкбек, Асылаев Ғабдолла, Байзаков Байгали, Омашев Нысанбек, Омарханова Нұрпиза, Ыскақова Мінаш, Сақалова Бағдаш т. б. ондаған жас ұрпакты оқыту мен тәрбиелеудің тамаша шеберлерімен бірге еңбек еттім.
Ұстаздың ұстаздығы тек сабақ берумен немесе класс ішіндегі жұмыстармен ғана емес, оның қоғамдық жұмысқа қатысуымен, ауыл мәдениетін көтерумен де сыналады.
Осы орайда аудандық көрксмөнерпаздар байқауында біздің Абай атындагы орта мектептің ұжымды үнемі 1-ші орын алып, бағалы сыйлықтарға ие болып жүрді. Оның ұйымдастырушыларымен белсенді мүшелері: Оразов Мұқан (режиссер), /Мәдеииет белімінен Б. Баймұратов/ пьесада ойнайтындар — Садуақасов Орынғали, Дәукенбаева Дәмегүл, Қазанбаева Сәуле, Тоққарин Досымхан, Жұманбаев Қалқаман, Жұмырбаев Амангелді, Байзақов Байғали, Садуақасов Мұрат, Мөкенов Рымтай, Айтқазин Секен, Жылкыбаева Алтын; әншілер – Омашев Нысанбек, Жұмыкова Үміт, Шаңбаева Нагила, Изатов Қозыхан, Төреханов Құмаш, Сақалова Бағдаш, Алипова Шамшия, Әсімжанов Әшім, баянист — Есекеев Манат; бишілер — Бекбосынова Күлзада, Оразалин Сапар, Садырбаева Лидия.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей асып бара жатқан өнері болмаса да бүкіл ұжым ең үлкені Байырбеков Ұлықбектен бастап кішісі Төреханов Құмашқа дейін 60 адам хорға тұрды. Қыздар, ұлдар ансамбліне қатысып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруына үлкен маңыз берілді. Комсомол, пионер ұйымдарының басшылығымен еңбек, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу кештерін өткізу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, аға буынның ерлік дәстүрін құрметтеу қасиеттерін тәрбиелеу саласына бірсыпыра жұмыстар аткарылды. Бұл шаралар әрбір пионер звеносы, отрядінен бастап дружинаға дейін, жалпы мектептік сипат алды. Мұндай кездесулер Архат совхозында тұратын Ұлы Отан соғысының Батыры Закария Белібаевпен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қарауыл селосының тұрғыны Сыбатылғазы Жанғалиев, Жұманбек Садуақасов, Дінсіләм Аргынбеков, Амантай Әкімғожин, Кәмен Оразалин, Биахмет Құлахметов, Дінәш Мұсажанов, Мырзахан Құндызбаев, Жабархан Тоққарин, Төлеубай Сапаралин, Әнуар Қасымжанов, Гизат Күзембаев военком Қайдар Бейсембаев, байланыс торабының бастығы Ағзам Сайн, оқу бөлімінің меңгерушісі Зәрер Садуақасов т.б. өтіп, абзал ағаларын пионер дружинасы пионерлер қатарына қабылдап, алқызыл галстук тақты.
1965 жылдары окушылардың қоғамдық- пайдалы еңбекке қатыстыруды үлгілі ұйымдастырғаны үшін өндірістік бригада Қазақ ССР Министрінің бұйрығымен 20 дан астам инструменттің түрлері бар шекті аспаптар оркестірімен сыйланды.
Сол кездегі окушылардың өндірістік бригадасының бригадирі, тәрбиешілері Байзақов Байғали, Токкарин Досымхан, Садуақасов Орынғали, Жұмырбаев Амантай жолдастардың аса сергектікпен, іскерлікпен жұмыс атқарғанын ризашылықпен атауға болады. Жас ұрпакты, мектеп окушыларын оқыту мен тәрбиелеуде Екібастұздықтардың мектептерді, кластарды көмекке алып, тамаша бастама көтергені мәлім.
Мектепте сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз Омашев Нысанбек басқарган Ата-аналар Университеті жұмыс жасады. Онда белгілі жоспармен жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге арналган сан алуан тақырыпта баяндамалар тыңдалып, талқыланып отырды.
Мектептегі кластан тыс, мектептен тыс жұмыстар оқушыларга жан-жақты тәрбие берудегі, олардың уақыттарын дұрыс өткізілуіндегі таптырмайтын құрал.
Мектепте пионерлер слетіне дайындык аудандық комсомол комитеті, пионерлер үйінің (директоры орденді ұстаз Аскарова Гауһар) алдын-ала жіберген жоспарларына сәйкес жүргізіліп, пионерлердің техникалық көрме, қол өнері мен әртүрлі жанрды қамтыған өнер сайысының мерекесі болып өтетін. Пионерлер слетінде де мектеп оқушылары аудандык спартакиадасы сияқты жарыстарда алдына жан салған емес.
Мектепте оқыған түлектер сан-саналы мамандықтың иесі. Басқаны айтпай-ақ қазірде ел кұрметіне бөленіп, бірнеше құнды кітаптар жазып үлгерген, жазып жүрген Сейсенбаев Роллан, Жанғалиев Төлеген, маркұм Кәрменов Жәнібек, жергілікті композиторлар М. Құрманбеков, М.Жанболатовты алайықшы. Әдебиетке, өнерге бейімділік олардың мектептегі балалык шағынан-ақ басталған. Сол бір балғын кездерінің өзінде келешегінен үлкен үміт күттірген, көкіректерінде терең сыр жатқаны сезілетін.
Бұл орайда «Абай ұрпақтары» колжазба журналы — үлкен бір тарих. Журналды жазушы, казақ әдебиеті мұғалімі К. Оразалин жолдас басқарды. Редакциялық алқа құрамында Н. Омашев, басқа да мұғалімдер және оқушылар болатын.
Абай атындағы орта мектептің тарихы үлкен. Оның ең алғаш мектеп болып ашылғаннан бастап, сол кездегі алғашқы мұғалім, алғашкы мектеп бітірушілер және одан кейінгі кезеңдері жөніндегі ертеректе жазылган мектеп шежіресін 1965 жылдары Байырбеков Ұлықбек, Оразалин Кәмен жолдастардың толықтыруларымен қайта жазып шыққамды. Ол іске сол кездегі оқу ісінің меңгерушіларі Д. Тоққарин, Н. Омашев, А. Жұмырбаевтар белсене араласып, білімділік көрсеткен.
Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы игілікті істері, «Қазақстан мұғалімі», «Семей таңы» газеттерінің беттерінде жазылды. 1968-1969 оқу жылында мектепте 40 класс, 1289 оқушы, 78 мұгалім болды. Өзім сабак берген география пәні бойынша 1 рет облыстық, 1 рет республикалық педагогикалық оқуға катысып, Қазақ ССР Оқу Министрінің бұйрығымен аталып өтті. 1968 жылы Москвада Съездер сарайында өткен мұғалімдердің Бүкілодақтық II — съезіне делегат болып қатыстым.
Мектепті басқарган жылдары «Құрмет белгісі» ордені мен Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасымен наградталдым.
1969 жылдың ноябрь айынан 1987 жылга дейін халық депутаттары Абай аудандык совет атқару комитетінің секретары болып кызмет атқардым. Қазірде облыстық дәрежедегі дербес зейнеткермін. Қайда жүрсем де, қашан да Абай атындагы орта мектептің оқытушы, оқушылар коллективі менің жүрегіме өзінің жақындығымен орын алады.
Мен сүйікті ұжымыма мектептерінің алды, оқушылардың Абай, Шәкәрім, Мұхтар ағаларының ұрпағы екенін үнемі естерінде ұстаса екен деп тілеймін.