Біз, 1974 жылы қәзіргі Абай, бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында Абай атындағы орта мектепті бітірген түлектерміз.
Биыл біздің мектеп бітіргенімізге 50 жыл толады. 17 жасымызда мектеп бітірсек, қәзір 67 деміз.
Техника дамыған заманда, өзімізге «74»А»деген атпен чат ашып алып, сыныптастар барлық ұстаздарымызды түгендеп, еске алып, ол кісілердің бізге сіңірген еңбегі мен берген тәрбиесін, мінез-кылыктарын, кейбір оқиғаларды айтудан шаршамаймыз.
Айрықша, төменгі сыныпта сабақ берген Мінәш, Жамал, 4,5,6,7 сыныптарда сынып жетекші болған және қазақ -тілі мен әдебиетінен берген Нұржамал Қалиева,
8,9,10 сыныпта жетекшілік еткен және орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген Дәукенбаева Дамегүл Қалиасқарқызы мұғалімдерді көп айтамыз.
Біздің адами қасиеттеріміздің қалыптасуына-адамгершілік, адалдық, намысқойлық, еңбеккорлық деген сияқты — ОСЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҮЛЕСІ ЗОР!!!
Бала қанша жасы кіші болса да, мұғалімнің еңбегін бағалай алады және өз ісіне берілген бе, мамандығын сүйе ме — оны сезеді.
Бір оқиға есімде: Бірде Дәмегүл мұғалім сабақтан соң (оқушылап кетіп қалған), жаныма келіп жайғасты.
Алдына шақырып, қабақ түйген жоқ. Жайдары жүзбен, дос қурбымдай «Күләш, неге көңіл-күйің жоқ, жатырқап жүрсің бе, не унамай жүр» деп, жайма-шуақ әңгіме бастады (басқа мектептен келгем). Ішім жылып сала берді.
Соңында «Мен білем, сен зерексің, ылғи 5-ке оқи аласың, МЕН САҒАН СЕНЕМ» деді. Осындай сөздер шәкіртке қанат бітіреді. Ия, шынымен зейін қойып, жинақталып, сабақты жақсы оқи бастадым. Сол сынып жетекшіміз Даукенбаева Дәмегүл кәзір Семей қаласында турады, байланысымыз үзілген жоқ. 1974 ж 10″А» сыныбын бітірген барлығымыз дерлік жоғарғы оқу және арнайы білім алып, Қазахстанның түкпір-түкпірінде, әр салада жауапты қызметтер атқардық, кәзір зейнеткерміз.
Медицина саласында атақты хирург Жапалов Кенжерахман, бірнеше рет марапатталған, депутат болған, терапевт-кардиолог Қожакова Майра, акушер Кайрбаева Нәзигүл, фельдшер Шалабаева Кенжегүл, Рахымжанова Асия — өз істерінің шеберлері.
Білім саласында ұстаздық еткен — Исатаева Сәуле, Садуақасова Ляля, Уашова Мейрамгүл.
Банк және акция істерінің майталманы, бірнеше жоғары оқу бітірген филолог, юрист Қадырова Гаухар.
Заң саласында — юрист, көп аудандарда сот төрағасы болған, ҚР Жоғарғы Сотының ең жоғарғы марапаты “Үш би” төс белгісі иегері, Сот саласының Ардагері — Тұрабаев Рахымқұл.
Жаңа заман техника маманы, программист, ғалым Мұсажанов Еркін.
Көп жылдар Аягөз СЭС- ті басқарған, кейінен жеке кәсіпкерлікпен айналысқан Абдрахманова Рысжамал. Есіл аудандық СЭС-ті әлі басқарып отырған Қырқымбаева Фарида.
Қаржы саласының мамандары, узақ жылдар Абай акиматында қызмет еткен Аяпбергенова Жұмағайша, Бескарағай-Беген ауылында қызмет еткен, қаржыгер-есепші Акимова Салтанат, Астана қаласында қаржыгер — есепші Садуақасова Айгүл, жоғары білімді финанс- кредит маманы Қалдаров Жанарбек — көп жылдар шаруашылықтарда бас бухгалтер болған.
Журналист, газетте қызмет істеген Садуақасова Сәуле, тіс дәрігері — жеке кәсіпкер Искаков Мейрамбек.
Өндіріс саласында, ірі ет комбинаттарында аға инженер- технолог болған — Қалиасқарова Күләш.
Сондай ақ әр салада жұмыс істеген ауыл — шаруашылық мамандары Сағындықов Сепен, Азимжанов Қанат, Тұрғанбаев Арзынбек, Кудерин Аманбек, Садырбаев Қайнарбек, Такенов Қалқаш, Елеугожина (Бәстамиева) Лиза, Бұршақбаева Теңлік, Каримбаев Қуат, Айсанова Рыскен, Мұқанбаева Бакизат, Ордабаева Кенжегүл — өз істерінің шебері, он саусағынан өнер тамған кәсіп иелері.
Бәріміз, Жамал, Мінәш, Нұржамал, Дәмегүл мұғалімдердің және де Абай орта мектебіндегі басқа да мұгалімдердің шәкіртіміз.
Алған білім-тәрбиеміз үшін, ширатылып — шыныққан мінезіміз үшін, шыққан жетістіктеріміз үшін бізді оқытқан Абай орта мектебінің барлық мұгалімдеріне АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ !!!
БАҚИЛЫҚ БОЛҒАН ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ ЕСКЕ АЛАМЫЗ, ЖАНДАРЫ ЖӘННӘТТЕ БОЛСЫН.
АЛ, БИЫЛ 87- ге ТОЛҒАН СЫНЫП ЖЕТЕКШІМІЗ Дәмегүл Даукенбаеваға ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ ТІЛЕП, БАЛА- НЕМЕРЕ- ШӨБЕРЕЛЕРІНІҢ ОРТАСЫНДА ЖАЙМА-ШУАҚ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРСІН дейміз. Және, 8 маусымда Карауыл ауылында болатын 50 жылдық кездесуімізге шақырамыз.
50 жылдық кездесу алдымызда.
Білім берген ұстаздар жадымызда.
Түгендейміз барлық пәннің мұгалімін.
Чат құрып ап, техника сотка даму заманында.
Еске алдық, Мінәш, Жамал, Нұржамал мұгалімді.
Ұмытпаймыз, Сіздер берген тәлімдерді.
Жетекшіміз Дәмегул мұгалімді, шақырамыз,
50 ЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУ кешімізге.
Барлық берген білім мен жақсылықтар — ЕСІМІЗДЕ !!!
74″А» сыныбының атынан: Қалиасқарова Күләш.
7 сәуір 2024 ж.