Тамбетова Гаухар

Тамбетова Гаухар Қадырқызы

       Құсайынова Гаухар Қадырқызы 1957 жылы 27 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келді.

     Әкесі Қадыр Құсайынұлы соғыстан кейін Ақсуат ауданында 18 жыл қызмет еткен, Гаухар сол кезде туған еді. 1963 жылы Абай ауданына қызметке ауысып, Гаухар Абай орта мектебінде оқыды. Мектепке 1964 жылы барып, 1974 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірді. Сол жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогика институтының филология факультетіне түсіп, 1979 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алды. Гаухар 1976 жылы жолдасы Сейтқасыммен тұрмыс құрып жанұялық өмір жолдарын бастады.

    Еңбек жолын Семей қаласындағы №1 Чернышевский атындағы орта мектебінде бастап, оқу ісінің меңгерушісі дәрежесіне дейін көтерілді. 1991 жылы денсаулығына байланысты жұмыстан шығып 2 жыл үйде отырды (авария зардабынан). 1993 -1995 жылдары Семей медицина институтында “Қазақ тілі” кафедрасының аға оқытушысы, мемлекеттік емтихан комиссияларының мүшесі қызметін атқарды.

     1995 – 2000 жылға дейін Республикалық ұлттық олимпиада комитетінің Шығыс регионы бойынша (Семей, Өскемен, Павлодар облыстары) өкілетті қызметін атқарды. Сол жылдары АҚШ–та 1996 жылы өткен халықаралық спорт ойындары түрінен жаздық олимпиада ойындарына спортшыларды ұйымдастырып Атланта қаласына Қазақстаннан 200-ден астам спорт шеберлерін апарды. 50 медаль алып қайтты. Сол жолы жерлесіміз Дәулет Тұрлыханов әлем чемпионы атанып қайтты. 2000 жылы Астанада өткен “Милениум” программасын даярлауға ат салысты. Одан кейінде Жапония қысқы олимпияда ойындарын, Сидней жазғы ойындарды және Пекин олимпиядасының өткізілуі бар. Футбол бойынша Әлем чемпионаты Франциядағы, Кинофестиваль Канны оны ұйымдастырушылардың бірі Қазақстан бойынша.

          2001 жылдан зейнетке шыққанша Қазақстанда құнды қағаздар қаржы қорын (акциялар мен бағалы қағаздар нарығы) басқарды. Оны бастап басқару үшін қосымша Қазақстан мемлекеттік заң университетінің және Қарағанды Мемлекеттік университетінің Банк істері факультетін тамамдап, Австрияның Вена қаласындағы құнды қағаздар нарығы бойынша басқару бизнес академиясын қызыл дипломға тәмәмдады (МВА).

          Қазақстанда ең бірінші құнды қағаздармен жұмыс істеуді бірінші бастады. Американың ең алдыңғы қатарлы Хедж фондының филиалын ашып, соны басқарды. Содан Қазақстанда 4 паевой фонд  ашты, өзіміздің теңгеменде істейтін. Америкадағы жұмыста Гаухардың ақшаны басқару командасы ылғи бірінші орын алды. Гаухарды олар Нью-Йоркта Уолл Стритта  (Wall Street) Маршал дейтін. Гаухар келген кезде олар  Гудзон өзені бар ғой Нью-Йоркті екіге бөліп тұрған, сонда яхтаға заказ беріп, содан кешке банкет беріп, ылғи артистерді жинайтын. Гаухарды  қаншама машиналармен, бриллиантпен көмкерген алтын сағат, алтын медальдарын беріп марапаттады.  Олардың бәрі енді тарих болып қалды. Уолл Стритта олардың офисінде Гаухардың фотографиясы 50 де 60 бархатта «Сваровски» кристалл тастарымен безендіріліп іліп қоятын.

          Қазырғы уақытта жолдасы Сейтқасым мен Гаухар үш қыз 6 немере көріп отырған зейнеткер абзал жандар.

Гаухар алғашқы студенттік өмірден естелік

Немереміз Абылаймен тойдан естелік

Біз бала-шағамызбен

Гаухар үш қыздарымен

Ортаншы қызымыз Әсел мен күйеу баламыз Нұрбекпен тойдан естелік

Гаухар ортаншы қызы  Әсел мен кенже қызы Лаура

Гаухар тәп-тәтті немерелерімен

Гаухардың жеке немересі Айсұлтан Канадада хоккейден әлемдік чемпион болған кезінен естелік

Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) командасы. Гаухар ортада бірінші қатарда  Президент Аманша Ақпаевтың жанында.  Тренерлерден Цхай Серік Қонақпаевтың тренері болған, т.б.  Виктор Ким тренер бокстан.

Открытие Олимпийских игр в Атланте, США-1996 год

Летние олимпийские игры в Атланте. США

Зимние олимпийские игры в Нагано. Япония 1998 год

Ветеран олимпийских игр, чемпионка олимпийских по лыжному спорту казахстанка Любовь Егорова ездила с нами в числе делегаций в Нагано (в синей куртке).

Нью Йорк, награждение за достижения высоких результатов по итогам года. Вручили ключи от двух автомобилей “Mercedes Benz” и “Cadillac Eskelate”и золотую медаль с 5 каратами бриллиантов. Wall Street  2006 год

Лучшие руководители филиалов из разных стран, я вторая на фото. Портреты сделаны из камней сваровского на черном бархате и находятся на 5 Авенью в Уолл Стрит

Америкалық компанияның марапаттары, бриллиантпен таза алтыннан жасалған үш медаль

Рейтинг
( 3 оценки, среднее 5 из 5 )