
Сепенге туған күніне арнау
Сепен десек – көз алдымыз нұрлана,
Бозбала шақ елестейді бір ғана.
Туған күнің – Жеңіс күнмен тұспа-тұс,
Құнды естелік көңілден бір сырғана.
Мектеп күннің шат күлкісі есте әлі,
Жарысқанда жүрек оты лаулады.
Барабанның дауысын бір естісек,
Қуанышпен дүр сілкінді Қарауыл!
Духовойда Жәкенменен қатарсың,
Барабанды ұрып, ұйықтағанды ояттың!
Қыздар көрсең – соғатын ең қаттырақ,
Сезілетін соққың менен шаттық үн!
Соны айтқанда, Гаухар мен Әсия,
«Есімізде жоқ қой» деп шықты жәй ғана.
Қалған қыздар үндемеді – қызық бұл,
Мойындады үнсіз бар шындықты еске ала!
Елу жылдық кездесу де есте ғой,
Сенің үйің – кластастар мекені ғой.
Барлығымыз бас қосып бір мәз болып,
«Сепен жан, жарайсың!» – деп кеттік қой.
Қарашоқыда тіктің қазақ үйіңді,
Киіз үймен қастерледің күйіңді.
Кереге мен уықтайсың біз үшін,
Достықты сен ұрпақтарға сүйдің де!
Ұлың – Еркебұлан – мақтанышың,
Айсұлудай асыл жармен жақтасың.
Немереңді спортқа баулып өсіріп,
Шын қуаныш, ұрпақ қамын тапқаның.
Сыныптассың, сыйлысың сен әрқашан,
Жан жылуың – достықпенен жалғасқан.
Туған күнің құтты болсын, Сепен дос,
Жүзге жеткін немере мен шөбере асқан!