Жетекші — Дәукенбаева Дәмегүл

Дәукенбаева Дәмегүл 8- 10 сынып жетекшісі

Дәмегүл Қалиасқарқызы Дәукенбаева

Қазақ ССР-ның оқу-ағарту ісінің үздігі, «Аға мұғалім» атағы иегері.

—— —— —— —— —— —— —— —— —— —— —— ——

Мен 1937 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Қапан-Бұлақ ауылында дүниеге келдім. Жарма станциясындағы 10 жылдық темір жол мектебін бітіріп,  Семейдің Н. К. Крупская атындағы педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне түсіп, орыс және қазақ тілі, орыс және қазақ әдебиеті пәндері бойынша мамандық алдым.

1962 жылы Абай ауданының Қарауыл ауылындағы Абай атындағы орта мектепке мұғалім болып жолдамамен орналастым.

Сол мектепте 1995 жылға дейін құрметті демалысқа шыққанша еңбек еттім. Арасында 3 жылдай жолдасымның жұмыс бабы бойынша С. Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінде қызмет еттім. Жұмыс жасаған уақыттарымда класс жетекшілік етпеген кезім болған емес. Алдымнан жүздеген оқушылар өтті. Менің ұстаздық қызметімдегі ұстанымым-оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы бірлесіп, үлкен түсінікпен еңбек ету болды. Хал-қадірім келгенше шәкірттеріммен, ата-аналарымның зор құрметіне бөлендім.

Мен бақытымды еңбектен тапқан адаммын. Оқу барысында жаңашыл-үздік бастамаларды сабақ процесінде үнемі енгізіп отырдым. Көптеген қоғамдық жұмыстарда белсенділік көрсеттім. Осының бәрі ескерусіз қалған жоқ, еңбегім бағаланды.

Қазақ ССР-ның оқу-ағарту ісінің үздігі белгісімен және «Аға мұғалім» атағымен марапатталдым. Алдымнан өткен, еліміздің түпкір-түпкірінде, әр салада қызмет атқарып жүрген түлектеріммен мақтанамын. Оларға зор бақыт, ұзақ өмір, отбасылары, ұрпақтары  аман-есен болуына тілектеспін. 

Зор құрметпен класс жетекшілерің Дәукенбаева Дәмегүл.

Рейтинг
( 2 оценки, среднее 5 из 5 )