МҰРАТХАНОВ МҰХАМЕТХАН

МҰХАМЕТХАН МҰРАТХАНОВ  (1930-2004) - оқу-ағарту ісінің ардагері. 1953-1976 ж. Арқат, Саржал, Шәкерім, Абай, М.Әуезов атындағы орта мектептерінде директор болып абыройлы еңбек еткен. СССР және Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озаты деп танылған мол тәжірибелі, шебер ұйымдастырушы,үлгілі ұстаз болып жұртшылыққа танылған. Саржал ауылында ұстаздық еткен аз ғана уақыт аралығында, шәкірттеріне деген шексіз махабаты, терең білімділігі, мектеп ісіне деген қалтқысыз көңілі жан-жақты ашылып, ауыл адамдарының арасында үлкен беделге ие етті. Мұхаңның ұстаз ретінде ғажап ерекшелігі сонда, ол әр шәкіртінің ертеңгі болашағына қалтқысыз сенетін, әрқайсысынан танымал азамат, белгілі ғалым, қажырлы қайраткер көре білетін, соған өзі де сенетін, шәкіртін де сондай болуға баули алатын. Бірнеше мәрте аудандық, ауылдық Кеңестің депутаты болып сайланған халық қалаулысы. Аудан өмірі, Шыңғыс елі, оның ардагер азаматтарының өмірі мен еңбегі жөніндегі деректерді жинап-саралап, оны үнемі насихаттап жүретін зерделі, білікті, шежіре білімді ел ағасы.
Рейтинг
( Пока оценок нет )