Кеңгірбай Би ауылы мектебі

Бұрынғы Абай совхозы мектебі

Қарауылдан 4-5 шақырымда орналасқан алғашқы мойын серіктестік Олжабайда — «Сары-көл», «Олжабай», «¥зын-бұлак», «Борлы» бастауыш мектептері болған. Райымханов Құсыман, Күдерин Алдаоңғар, Сәкенов Қабыкәрім ұстаздық етіп басқарған.

1940 жылы Абай колхызының орталығындағы бастауыш мектептің мұғалімі Сүлейменов Бекен, Жидебай, Борлы, Сарыкөл, Әзімбай, Олжабай, Заготскот бастауыш мектептерінде Жарасбаев Аманбай, Тоқажанов Шалабай, Смағұлов Мұқан, Күзенбаев Ғизат мұғалім болған.

1954 жылы Абай колхозында жеті жылдык мектепке Иманақышов Әрін директоры болды.

1965 жылы Абай атындағы совхозда жаңадан Абай атамыздың атындағы сегіз жылдық мектебі ашылды.

Мектеп директорлары: Иманақышов Әрін 1954 –

Мұратханов Мұхаметқали 1965-1968

Биғозин Сақтай 1969

Искакова Мінәш 1969-1976

Дәулетин Оңалбек 1977 — 1986

Ерденбеков Ғизат 1986- 1988

Тілеубаев Байбұлан 1988 — 2000

Скакова Бәкизат 2000 — 2018

Нұрсұлтанұлы Мақсат — 2018 — 2022

Балтиева Ляззат — 2022 ж. б. к. д.

Жас ұрпаққа сапалы тәрбие беріп еңбек еткен ұстаздар: Қайранова Шолпан. Жануақасов Бекен, Өтелбаева Майра, Тоқажанов Шалабай, Құмашева Тілеуғаным. Елеубекова Рымгүл, Серғалиев Халел, Станбекова Бисан, Сабитова Ұлболсын, Күзенбаев Ғизат, Икенова Гүлзайра, Тезекова Күлаш, Рахымжанова Бақыт, Мұқашева Марфуға. Жарасқұлова Егінжан, Жұманбаев Махмұт, Жұмақсанова Гауһар, Смағұлов Мұкан. Мұқатаева Бикен, Иемағұлова Сара, Станбекова Тиыштыгүл, Сағадиева Нұрзия. Қасымжанова Мейрамгүл, Жұмажанов Қайырбек, Бекқожина Рая, Сексенбаева Бақыт. Ұстаздар еңбегі бағаланып Өзбеханова Егінжан, Сағадиева Нүрзия, Дәулетин Оңалбек. Құмашева Тілеуғаным сынды ұстаздар «Оқу ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

1988 жылы 15 қарашасында Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 140 жыл толуына орай мектепке Шәкәрім бабамыздың аты берілді. Сол жылы Шәкәрім мұражайы ашылды. Мұражайдың дизайны мен көркемдік әсемделуіне, әдеби жағынан толығуына ерекше үлес қосқан ұстаздар : Жаукенов Жарқын, Станбеков Тоқатай, Нұрсұлтанұлы Мақсат, Қырықбаева Бақтыгүл, Қасымжанова Қарлығаш, Уалиева Назкен, Тізгінбай Райкүл, Жаукенова Айгүл, Әлжанова Ләззат, Мұқанқызы Гүлжанат т.б. ұстаздардың еңбегін айрықша айтуға болады. Жаукенов Жарқын «Ы.Алтынсарин атындағы» медальмен марапатталды. Тұңғыш рет Республикалық «Абай оқуларының» жеңімпаздары шықты

Мектеп директоры қызметін Скакова Бакизат Нұрмұхаметқызы атқарған кезде «Шәкәрімтану бағдарламасы» жасалып, мектептерге таратылды. 1 — 6 сынып аралығына Тізгінбай Райкүл, 7-11 сынып аралығында Қасымжанова Қарлығаш дайындап, Өскемен каласындағы білім департаментінде бекітіліп, осы бағдарламамен сабақ өткізілді. Мектеп жанынан алғаш рет «Жылыжай» ашылып жұмыс жасады. Республикалық «Абай оқулары » жүлдегерлері шықты.

Мектеп директоры қызметін Нұрсұлтанұлы Максат атқарған кезде

Республикалық пән олимпиадасында Кәріпбай Аружан «Үздік ауыл оқушысы-2022» атагын жеңіп алды. Мектептен алғаш рет «Гүлдер » демалу бұрышы ашылды.

Рейтинг
( Пока оценок нет )