ҚҰМАРОВА НАҒИМА

НАҒИМА ҚҰМАРОВА – қоғам қайраткері. 1932 ж. Саржалда туған. Семейдің
педагогикалық училишесін бітірген соң Алматыдағы Қыздар инст. тәмамдаған. Ауыл
мұғалімі, аудандық комсомол комитетінің, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі,
ұзақ жылдар Абай атындағы орта мектептің директоры болып қызмет істеген. Бұл
жылдарда Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озаты, Москвада өткен мұғалімдердің
Бүкілодақтық сьезінің делегаты болып, “Құрмет белгісі” орденімен
марапатталған. 1969-1987 жылдары аудандық Кеңес атқару комитетінің хатшысы
қызметін абыроймен атқарып, аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық
Советтің депутаты болып ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени- рухани өмірдегі
өсіп- дамуына елеулі үлес қосып, үлкен абыройға бөленген адам.



Рейтинг
( Пока оценок нет )