Мектеп бітіргендерімізге 50 жыл болған кластастарыма
Құрметті кластастар!
Бүгінгі күн – біз үшін ерекше. Себебі, соңғы қоңырау үнін естігенімізге жарты ғасыр толып отыр. Елу жыл – бұл аз уақыт емес. Өмірдің небір белестері, қуанышы мен қиындығы, табысы мен тағылымы осы елу жылмен бірге өрілді.
Біз – жастықтың жалын лебін бірге сезінген жандармыз. Қара шаңырағымыз — Абай орта мектебінде он жыл бірге оқып, бір үйдің баласындай тату-тәтті өстік. Қатар жүріп, қатар қиялдап, қатар арман қудық.
1974 жылдың түлектері едік. Сол жылы ақ жол тілеген ұстаздарымыздың үмітін ақтауға тырыстық. Бүгінде өмір өзенінен өтіп, әркім әр салада еңбек етіп, елге де, ұрпаққа да пайдамызды тигізіп келеміз.
Келін алып, қыз ұзатып, немере сүйіп, 70 жасқа қарай аяқ басып отырған жайымыз бар. Қарттықтың да өз қызығы бар екен. Себебі, өткен өмірге көз жүгіртіп, елестей боп қалған балалық шағымызды еске алу – бір ғанибет.
Қиындықта мойымай, қайсар мінезімізбен алға ұмтылдық. Бойымыздағы қажыр-қайрат, туған топырақтан дарыған қасиет екенін жақсы білеміз. Біз – ұлы Абай, данышпан Шәкәрім, кемеңгер Мұхтардың елінен шыққан ұрпақпыз.
Соңғы қоңырау күні құтты болсын, ардақты кластастар!
Өмір жолдарыңыз әрдайым шуақты, жүректеріңіз шаттыққа толы болсын!
Құрметпен Еркін Мұсажанов.
Еркін, көп рахмет! Біздің достығымыз таза, балалық пәк достық қой. Ең бір бал дәурен балалық шақ, қайталанбас өмірдің таза, еш дақсыз кезеңдері… .
Соңғы қоңырау күні құтты болсын!♀️
Гаухар, жүректен шыққан жылы сөздеріңе үлкен рахмет.
Еркін соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын! Барлық түлектерге сәттілік, ақ жол! Осыдан 50 жыл бұрынғы біздің соңғы қоңырауымызды жүрек тебіреніспен еске түсіріп, бүгінгі күні мізге шүкір дедік. Уақыт өтседе, балалық шақтың жарқын естелік терімен бөлісіп жатқаныңа ризамыз, көп рахмет
Иә, Майра 50 жылғы соңғы қоңырау жүрегімізді бір лүпілдетіп еді, енді кездесеміз сол арта қалған естеліктерді еске алып. Жылы лебіздеріңе үлкен рахмет.
Еркін,бугінгі немерелеріміздің мерекесінде,жақсы жылы лебізіңді білдіріп,құттықтау сөзіңді жазган екенсін,көп рахмет.Өзімізде біраз балалық,мектептегі жылдарды сагынышпен еске алып отырмыз.АЛЛА каласа,туган жерімізде ,білім алган мектебімізді,кластастарымызды көріп,қуануга жазсын.
Ляйля, өзіңеде үлкен рахмет, уақыт тауып ойыңды білдіріп жатқаныңа. Қуаныш екеуің немерелер қызығын көре беріңдер.
Еркін,барлық 50жылдық кездесу ушін жасап жатқан жумыстарыңа рахмет.
Бізде сол алғашқы қоңырау соғылған балғын кезімізді,мектепті бітіргендегі соңғы қоңырауды еске тусіріп,балалық шағымызға оралар күнді асыға күтудеміз.
Күләш, 50 жылдық кездесу үшін еңбегің зор, оны кластастар біледі — саған үлкен Рахмет.