Асқарова Гауһар

Гауһар Асқарова

Гауһар Асқарова 1932 ж. Қасқабұлақта туған.

1945 ж. Орталау мектепті бітірген Гауһар М. Әуезов атындағы педучилишеге түсіп, 1949 ж. бітірген.

1949-52 ж. Саржал орта мектебінде мұғалім, пионер дружинасының председателі болып еңбек жолын бастаған.

1952-57 ж. мұғалім, пионервожатый, 1957-69 ж. Абай аудаңдық пионерлер үйінің директоры, 1969-90 ж. Арқат орта мектебінде пионервожатый болып еңбек еткен.

Гауһар Абай ауданына пионер қозғалысын әкелген қарлығаш десе де болады.

Жарты ғасырға жуық ғұмырын жас бүлдіршіндердің ұйымы — пионерлермен өткізген Гауһар өзі де өмірден үйреніп, ізденіп, қиялдап жүріп тынбай еңбек етіп, Бүкілодақ бойынша “Үздік пионервожатый” атағын, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасын иеленді, Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озаты, Мұғалімдердің бүкілодақтық ІIІ сьезіне делегат болып қатынасты. 1976 ж. “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. Бірнеше рет аудандық, селолық Кеңес депутаты болып сайланды.

Гауһардың еңбегі, озат тәжірибесі аудандық, облыстық, республикалық баспасөз бетінде,  «Женщина мира”, “Пионер”, “Вожатый” журналдарында жарияланып келді.

Рейтинг
( Пока оценок нет )