
Бұл кім десең, Жұмкең ғой, көрікті, таласады ай ғана.
Жеті өлшеп, бір кесетін, бір тоға.
Ақырын жүріп, анық басып, жеттің біраз мұратқа.
Кездесерміз, өзің айтқан сағатта.

Аяпбергенова Жұмағайша Аяпбергенқызы 1957 жылы 1 наурызда Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келдім.
Мектепке 1964 жылы барып, 1974 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірдім. Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтына оқуға түсіп, 1981 жылы аяқтап, инженер- технолог мамандығын алдым.
Жұмыс істеген жылдарым: 1981-1988 жылдары: Семейдің АЦИ заводында аға лаборант;
1988-2008 жылдары : Абай ауданының қаржы бөлімінде 20 жыл қызмет атқардым. Бас экономистен бастап, қаржы бөлімінің бастығының орынбасары , бюджет бөлімшесінің бастығы лауазымын атқардым.
2007 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті — Есеп және аудит екінші мамандығын алдым.
2008 -2010жылдары Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;
2011-2012 жылдары Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы;
2013-2015 жылдары, Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің еңбек қатынастары бойынша бас инспектор;
2015 жылы зейнеткерлікке шыққаннан бастап,бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. Шағын «СЫМБАТ» тігін шеберханам бар.

Кәзіргі кәсібім туралы мәлімет. «СЫМБАТ»-тігін шеберханасы. Негізгі бағыты: Қазақтың ұлттық құндылықтары, қол өнері.

Абай ауданы әкімі Смағұлов М.С. — Жұмағайшаға қошамет-құрмет көрсетуде.

Бала — шағаммен.