
Медеуов Думан Медеуұлы, жоғары санатты нефролог дәрігер.
1957 жылы 17 ақпанда Семей облысы Абай ауданы Саржал ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Семей медициналық институтын бітіргеннен кейін облыстық клиникалық аурухананың терапия бөліміне интернатураға дәрігер-ординатор болып қабылданды.
1981 жылы интернатураны бітіріп, жедел медициналық жәрдемнің саптық бригадасында дәрігер болып жұмыс істеді.
1983 жылы ресми түрде ауысу арқылы облыстық клиникалық ауруханаға жалпы тәжірибелік дәрігер терапевт болып қабылданды.
1987 жылы нефрология бөліміне нефролог дәрігері болып ауыстырылды.
1987 жылдың тамыз айында нефрология бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1989 жылдың ақпан айынан бастап жедел және созылмалы гемодиализ бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды.
1996 жылы 1 мамырда Облыстық Уро-нефрологиялық орталығының құрылуына байланысты директор болып тағайындалды.
1996 жылы 19 мамырда Облыстық Уро-нефрологиялық орталығы «Бүйрек орталығы» мекемесі болып өзгертілді.
Қазір Семей қаласындағы «Бүйрек орталығы» мекемесінің директоры.
Еңбек стажы 40 жыл. Толық pochka.kz сайтынан танысуға болады.