Қалиасқарова Кулаш

Қалиасқарова Күләш 10 октябрь 1957 ж.

Мінез қандай Күлекеңде жібектей,
Неге отырмыз құрбымызды жыр етпей.
Бәрімізге өлең арнап тап басып,
Әсірелеп мақтап жатыр құр кетпей.
Күлаш біздің группаның шырағы,
Бейне өскен гүлдері мен құрағы
Есімізді шығарады тықақтап,
Таусылмайды қоя берер сұрағы.
Көңіл ашар біздің Күлаш-ханшайым,
Таң бозынан спортзалға жүгіріп,
Таза ауада күш жинайды шынығыр
Жүз құбылып би де билеп ән салар,
Он бесінде жаңа туған айдайын.
Аңқылдаған ақ көңілің, Сылқылдаған сұлу күлкің Жанды баурап алады, Сұлу жүзді айдай көркің. Мәпелеген балаларың, Немерелер -ол да көркің Аман болсын ұрпақтарың. Қызықтарын мәңгі көргін!

**************************************************

Қалиасқарова Күләш -1957 ж. 10 қазан Семей облысы Новошульба ауданы Сизикова ауылында дүниеге келгем.
1972 ж. Абай совхозындағы 8 жылдық мектептен соң, Абай орта мектебінде 9.10 1974 ж. битирип, сол жылы Семей технология иниститутында оқып «ет технологы»мамандығын алып шыққан
1979 ж. жолдамамен Торғай облысы Арқалық қаласындағы ет комбинатында қызмет атқарған.
1979-1987 жылдар сол комбинатта мастер,технолог,инженер -химик болып жумыс істеген
1987 ж-1990 жылдар аралығында Торғай облыстық госстандартта инспектор, сапа тексеру бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
1990 жылы анасына қарау және бауырларына сүйеніш болу мақсатында ,туып өскен жері Қарауылға қайта оралған.
1990-1995 ж аралығында Абай тутыну одағында(райпотребсоюз) инженер, кадр бөлімінің бастығы, Қарауыл наубайханасында экономист, кассир,бухгалтер жумыстарын атқарған.
Кейінгі жыл, 1995ж Қарауыл наубайханасын басқарған.
1995 ж. тамызда Қарауыл наубайханасы жекеменшікке сатылғандықтан,еңбек жолын Семейде жалғастырған.
Қала халқын сүт және сүт тағамдары,ауыл өнімдерімен қамтамасыз ету саласында жекекәсіпкер болған.
Жолдасы Еребек Айтбекпен ұзақ жылдар тату-тәтті өмір сұрді.
Жолдасының о дүниелік болуына байланысты Астанаға ,қызы Раушанның жанына көшкен.
Қызы Раушан 2 мамандық. шетел және юрист жоғарғы оқуларын бітіріп сол салада жумыс істейді.
Немересі Алихан бүкіл одақтық математика олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы.Кәзір Кореяда жоғарғы оқу орнының 2курс студенті.
Аселя Астаналық шет тілдер жоғарғы оқу орнының студенті.
Өзі ардақты Әже болып, зейнетте демалуда.

Руым -Арғын,Қаракесек ішінде Кешубаймын.
Сөз келгенде айтуға тартынбаймын.
Мақтан үшін қур беталды шашылмаймын.
Мансап пен дүние үшін сатылмаймын.

Біреу ушін жеткізбес сағымдаймын…
Біреу үшін көктемдегі тасқындаймын..
Айттым-бітті, деймін де,сөзде турам.
Тайғанақтап әрлі-берлі тартынбаймын.

Қанша сынақ болса да,түңілмеймін,налымаймын.
Көп ішінде топ жарып-жарқылдаймын.Тар жолдан да,тайғақтан өтіп келген.
Дакен қызы Күләшпін,сөзімнен жаңылмаймын

Рейтинг
( 3 оценки, среднее 5 из 5 )